ҚР Президенті Әкімшілігі үш бөлімінің меңгерушілері тағайындалды

АСТАНА. 26 қаңтар. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Өкімдерімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі үш бөлімінің меңгерушілері тағайындалды.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Марат Еркінұлы Дәуешов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды;

Жапсарбай Ілиясұлы Қуанышев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды;

Әмірхан Мұратбекұлы Рахымжанов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімнің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.