ҚР Президенті Маңғыстау облысының көлік-логистика саласы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаевпен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында А.Айдарбаев Елбасына өңірдегі әлеуметтік-экономикалық ахуал мен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысы туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысының көлік-логистика саласы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, өңір экономикасын әртараптандыруды жалғастыру қажеттігін айтты.