Кездесуде отандық бизнес құрылымдармен ынтымақтастықтың келешегі мен «Система» АҚК компаниясының индустриялық-инновациялық, мұнайхимия, сондай-ақ Қазақстан экономикасының өзге салаларындағы инвестициялық қызметінің мәселесі қаралды.
18:35, 09 Қазан 2012
ҚР Президенті Мәскеуде «Система» акционерлік қаржы корпорациясы» ААҚ директорлар кеңесінің төрағасы В.Евтушенковты қабылдады
АСТАНА-МӘСКЕУ. 9 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясына жұмыс сапары аясында «Система» акционерлік қаржы корпорациясы» ААҚ директорлар кеңесінің төрағасы Владимир Евтушенковты қабылдады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.