Елбасы бұл бірегей кәсіпорынның өндірістік цехтарымен танысты. Оның өнімдері өнеркәсіптің түрлі салаларында - металлургия, атом, химия және тау-кен қазу, мұнай және газ, өнеркәсіп энергетикасы және басқа салаларда кеңінен қолданылады. Зауытта электртехникалық жабдықтар құрастырылады.
16:19, 22 Маусым 2012
ҚР Президенті Өскемендегі «КЭМОНТ» зауытының өндірістік цехтарымен танысты
ӨСКЕМЕН. 22 маусым. ҚазАқпарат - Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Өскемен қаласындағы жоғарывольтты және төменвольтты электртехникалық және стандартты емес жабдықтарды шығаратын «КЭМОНТ» зауытына барды.