мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
«Жаңа шынайылық өңірлік, сонымен қатар жаһандық ауқымдағы халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы біздің ұйымның тиімділігін арттыруды талап етеді»,- деді Н.Назарбаев.
Осы ретте Елбасы бұл сын қатерлерге ШЫҰ-ның дәлме-дәл жауабы 2016-2018 жылдарға арналған «зұлымдықтың үш күшімен» күрестегі ынтымақтастық бағдарламасын тиімді жүзеге асыру бола алатындығын баса айтты.
«Біз Халықаралық терроризмге қарсы бірлескен іс-қимыл туралы ШЫҰ мәлімдемесін әзірлеп, қабылдауды ұсынамыз. Экстремизммен күрес бойынша ШЫҰ конвенциясын әзірлеп, қабылдау өзекті қадам көрінеді. Діни экстремизм бейбітшілік сүйгіш исламмен және басқа да діндермен теңестірілмеуі маңызды», - деді Елбасы.
Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың мамырында Қазақстан Нью-Йоркте БҰҰ қамқорлығымен «Дін бейбітшілік үшін» атты жоғары деңгейдегі диалогқа бастамашылық жасап, Астанада «Діни терроризмге қарсы» деп аталатын халықаралық конференция өткізгендігін еске салып өтті. Сонымен бірге, Қазақстан 2017-2020 жылдарға арналған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің есірткіге қарсы стратегиясын және оның іс-қимыл бағдарламасын қабылдауды жақтайтындығын баса айтты.
«ШЫҰ мен Ортаазиялық өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының «Бірге есірткіге қарсы» бірлескен алдын алу акциясын өткізуді ұсынамыз», - деді ҚР Президенті.
13:02, 24 Маусым 2016
ҚР Президенті ШЫҰ-ның халықаралық терроризмге қарсы бірлескен іс-қимылы туралы мәлімдеме қабылдауды ұсынды
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Шанхай ынтымақтастық ұйымының халықаралық терроризмге қарсы бірлескен іс-қимылы туралы мәлімдеме қабылдауымыз қажет. Бұл туралы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына