ҚР Президенті Үкіметке су басқан ауылдарға материалдық көмек көрсетуді тапсырды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстандағы су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан су басқан ауылдардың тұрғындарына жан-жақты материалдық көмек көрсету тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Үкіметке Өзбекстандағы су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан су басқан ауылдарымыздың тұрғындарына жан-жақты материалдық көмек көрсету тапсырылды. Түркістан облысының бірде-бір тұрғыны назардан тыс қалмайды»,-деп жазды Мемлекет басшысыTwitter -дегі парақшасында.


Фото: Nur Otan