ҚР Президенті ҰҚШҰ қатысушы-елдері қорғаныс ведомстволарының басшыларымен кездесу өткізді

АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «KADEX-2012» көрмесі аясында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің қорғаныс ведомстволарының басшыларымен кездесу өткізді.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы аясындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.