«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралардың Жалпыұлттық жоспарын бекітті»,- деп жазды Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Twitter-ге.
Естеріңізге сала кетейік, 27 қаңтарда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің 2012 жылғы даму басымдықтары анықталған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жасады.