ҚР Президенті Жолдауының басты мақсаты - елдің гүлденуі мен барлық қазақстандықтардың жақсы өмір сүруі

ПАВЛОДАР. 31 қаңтар. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - «Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында өңірлерді дамыту, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, тұрғын үй-коммуналдық қызметін реформалау бағдарламаларын әзірлеуді тапсырды», - дейді «Нұр Отан» ХДП Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айгүл Нұркина.

«Елдің гүлденуі мен барлық қазақстандықтардың жақсы өмір сүруіне бағытталған бағдарламалардың жүзеге асырылуын «Нұр Отан» партиясы қатаң бақылауда ұстайды. Бастамашыл топтың мүшесі ретінде алғыссөз естіп, Президенттің «Қазақстан-2020» Жалпыұлттық демократиялық күштер одағын құру жөніндегі бастамаға қолдау білдіруін есту маған да жағымды болды», - деген ойін жеткізді Айгүл Нұркина.

«Елбасы 2011 жылды Тәуелсіздіктің 20 жылдығы деп жариялады. Біздің партия ұйымымыз егемендік жылдары қол жеткізген ең басты құндылықтарды, еркіндікті, бірлікті, тұрақтылық пен гүлденуді нығайтуда белсенді жұмыс істейтін болады», - деп атап өтті Айгүл Нұркина.