Солтүстік Қазақстанға сапары барысында Мемлекет басшысы Қызылжар ауданындағы «Вагулинское» шаруа қожалығының егіс алқаптарында болып, астық жинау науқанымен және егістіктің жай-күйімен танысады деп күтілуде
Сондай-ақ жұмыс сапарының бағдарламасы СҚО-дағы ең ірі және жетістікті жұмыс істеп тұрған қайта өңдеу кәсіпорындарының бірі - Қызылжар ауданындағы «Сүтөнімі» ЖШС-да болуды қамтиды.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Петропавлдың Вокзал маңы алаңында болып, оның қайта жөнделуімен және 2012 жылдың 30 тамызы - Қазақстан Республикасының Конституция күнінде қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевқа ашылған ескерткішпен танысады деп жоспарланған.