Видеокадрлардан Астана қаласындағы діни ғимараттар («Әзірет Сұлтан» мешіті, Әулие Успенский кафедралдық соборы, католик шіркеуі мен синагога) мен Бейбітшілік және келісім сарайын көруге болады. Бейнематериалдың негізгі бөлігін 2003 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Астанада өткен әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезінде түсірілген деректі видеолар құрайды.