Президенттің Чехияға сапары екіжақты ынтымақтастықтың барлық спектрі бойынша байланыстарды дамытуға, сондай-ақ экономикалық, инвестициялық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды кеңейтуге бағытталған.
Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың Чехия Республикасының Президенті Вацлав Клауспен кездесуінде екіқақты қатынастардың жай-күйі және даму перспективалары талқыланады.
Чехия Республикасының премьер-министрі Петр Нечаспен жоспарланған кездесудің барысында екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алысу болмақ.
Сапардың соңында мемлекет басшылары қазақстан-чех бизнес форумына қатысады, оның барысында бірқатар коммерциялық шарттарға қол қою көзделіп отыр.