Местоев Ахмед Якубович 1949 жылы 15 маусымда дүниеге келген.
1969-1996 жылдар аралығында Қазақстан тұтынушылар одағында қарапайым маманнан аталған одақтың төрағасының орынбасары қызметіне дейінгі мансап жолын жүріп өткен. 1996-2002 жылдары Швейцария Конференциясында (Женева) сауда өкілі болды. 2002-2010 жылдар аралығында Ресей Федерациясындағы ҚР Сауда өкілі болды.
2010 жылдың қараша айынан бастап ҚР Президенті Іс басқармасының басшысы орынбасары, ҚР Президенті Іс басқармасының Алматыдағы өкілдігінің басшысы болған.
2012 жылдың қазан айынан Ресей Федерациясындағы ҚР Сауда өкілі болған.