«Біздің бірінші міндетіміз - сайлау барысын қадағалайтын байқаушылардың командасын жасақтау. Біз сондай-ақ ҚР Президенттігіне кандидаттардың штабтарымен, өңірімізге келген шетелдік байқаушылармен де бірлесіп жұмыс істейтін боламыз», дейді облыстық қоғамдық комиссияның төрағасы Владимир Шнайдер.
Қоғамшылардың тағы бір міндеті - сайлау заңнамасын бұзу фактілері туралы ақпараттарға үн қату. Осы мақсатта сенім телефоны ашылып отыр. Комиссияның құрамына алты адам кіреді, олардың барлығы ешқандай партияға мүше емес.