деп санайды еңбек ардагері Қатимолла Ризуанов.
«Президенттің өз халқымен жүрек түкпіріндегі сырымен бөліскені баршамызға аян болды. Ол үшін таңдау жасау қиын болды. Өйткені, Мемлекет басшысының өкілеттілігін ұзартуға арналған референдум өткізуге 5 миллионнан астам адам дауыс берді. Бұл дауыс беру құқығы бар азаматтардың елеулі бөлігі. Референдумды Парламент депутаттары, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар қолдады. Сондықтан Президентке барлығына да жағатын данышпан шешім қабылдау керек болды. Ол ондай шешімді тапты, - дейді Қ.Ризуанов. - Ол шешім референдум емес, уақытынан ерте сайлау өткізу болды, менің ойымша, бұл шешім біздің Конституцияны бұзылмас заң ретінде қабылдайтын құқықтық мемлекет құрғанымызды көрсетті».