ҚР Президентінің Жарлығымен бірқатар азаматтарға «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

АСТАНА. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері, белсенді қоғамдық қызметі үшін бірқатар азаматтарға «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы № 707

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

Қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері, белсенді қоғамдық қызметі үшін:

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін

Ералиев Абзал Жұмашұлы - «Абзал и К» толық серіктестігінің

директоры, Қызылорда облысы

Пя Юрий Владимирович- «Кардиохирургия ұлттық ғылыми

орталығы» АҚ басқарма төрағасы

Сауэр Иван Адамович - «Родина» агрофирмасы» ЖШС бас директоры, Ақмола облысы.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2013 жылғы 9 желтоқсан. № 707