ҚР Президентінің Жолдауы шағын және орта кәсіпкерлік үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

АТЫРАУ. 28 қаңтар. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - 'Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында шағын және орта бизнестің дамуы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашты', -

дейді Атырау облысы Кәсіпкерлері және жұмыс берушілері одағының төрағасы Әлия Бекқожиева.

«Президент: «Мен мықты бизнес - мықты мемлекет деген ұстанымды ұстанамын» деп мәлім етті. Біз, кәсіпкерлер осы қағидамен толық келісеміз және мемлекетіміз экономикалық тұрғыдан одан әрі нық қадамда тұруы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. 2010 жылдың өзінде-ақ біздің аймақта жаңадан ондаған өндіріс іске қосылды», - дейді Ә.Бекқожиева.

Оның айтуынша, енді жұмыс істеу бұрынғыдан оңайға соғады. Себебі Президент бизнес жолындағы әкімшілік кедергілерді барынша азайтуды талап етті.