Осы стратегиялық құжатқа және жалпы Мемлекет басшысының саясатына өзінің қолдауын көрсетуге 10 000-нан астам ақтөбелік жиналды. Олардың негізі жоғары оқу орындары мен орта арнайы білім беру мекемелерінің студенттері, ақпараттық-насихаттық топтардың мүшелері, еңбек ұжымдарының, шағын және орта бизнестің өкілдері, білім саласының, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері құрады. Сонымен қатар акцияға облыс әкімі Елеусін Сағындықов пен қала әкімі Архимед Мұхамбетов қатысты.
15:02, 03 Ақпан 2011
ҚР Президентінің Жолдауын қолдауға арналған акцияға 10 000-нан астам ақтөбелік қатысты
АҚТӨБЕ. 3 ақпан. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Бүгін Ақтөбедегі Тұңғыш Президент атындағы саябақта Елбасы Жолдауына арналған жалпықалалық акция болып өтті.