«Біз бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары таратқан "Славянскідегі жасақтар арасында ерікті қазақстандықтар бар-мыс" деген ақпаратқа назар аудардық.
Таратылған ақпаратта еріктілердің азаматтығын куәландыратын құжаттардың немесе адамдардың нақты есімдерінің жоқ екенін атап өтеміз. Осыған орай, бұл ақпаратты тексеру мүмкін болмай отыр. Бұл ақпаратты негізсіз деп санаймыз.
Бірақ, дегенмен, біз құзыретті органдармен бірлесіп, аталған ақпаратты тексеруге тырысып жатырмыз», - делінген ҚР СІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.