ҚР Үкімет басшысы Солтүстік Қазақстан облысының даму қарқынына оң баға берді

nbsp; ПЕТРОПАВЛ. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - ҚР Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов Солтүстік Қазақстан облысының даму қарқынына оң баға берді.

«ҚР Президентінің тапсырмасымен мен бүгін Солтүстік Қазақстан облысында болып, бірнеше мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу қарқынын қарастырдым. Нақтырақ айтсам, индустриялық бағдарлама жобасының, Жол картасының атқарылу барысымен танысып, «Салауатты Қазақстан» және «Балапан» бағдарламаларын, ауыл шаруашылығы мен ТКШ дамуы мәселелерін талқыладық», - деп атап өтті Петропавлда өткізген брифинг барысында К.Мәсімов.

«Жалпы, нәтижелерге менің көңілім толды. Мемлекет басшысы тарапынан берілген тапсырмаларды Үкімет, облыс әкімі мен өзге де органдар ойдағыдай орындауда, нәтижелер жаман емес», - деп атап өтті Премьер-Министр.

«Дегенмен, осыған қарамастан, жұмыс қарқынын бәсеңсітуге болмайды, өйткені біз дағдарыстан кейінгі 2010 жылдамыз. Басынан қиын-қыстау жағдайларды кешірген тұрғындар елімізде орын алып жатқан барлық үдерістердің нәтижелерін сезінуі тиіс», - деп қорытты сөзін Үкімет басшысы.