Айта кетейік, Жастарға қызмет көрсету орталығын «Ж-Строй-Инвест» ЖШС салған, жобаның жалпы құны - 1006 млн. теңге. Ғимарат екі қабатты.
«Орталық жастардың бірқатар өзекті мәселесін шешуге қызмет көрсету үшін құрылды. Негізгі мақсаты - өңірдегі мемлекеттік жастар саясатын, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру, жастарды қолдау», - деді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.