«Біздің аудандық қызметтерге ормандарда жұмыс істей алатын жүріп өт мүмкіндігі жоғары үшбелдікті өрт сөндіру көліктері аса қажет. Аумақты жедел жырту үшін арнайы техника жетіспейді. Біз Үкімет басшысынан өрт және орман қорғау қызметтерін материалдық-техникалық жабдықтауға көмек беруін сұраймыз», - деді В.Божко.
«Мен келісемін, қаржыландыру жолдарын ойластыру қажет, - деді К.Мәсімов. - Бірақ біз бұл техниканы «Денсаулық» бағдарламалары секілді, өз елімізде шығаруымыз керек. Осыған қатысты жоспарлар мен ұсыныстарды ойластырыңыздар, ал біз қазақстандық кәсіпорындарға оны дайындау үшін тапсырыс береміз».