Жұма, шілденің 9-ында ҚР Үкімет басшысы Қарабалық ауданына барып, «Қайрақ» шекара бекетінің жұмысымен танысады. Содан кейін Қостанай қаласында К.Мәсімов «Қостанай-су» МКК, босану үйін, сондай-ақ «Қарасу ет» ЖШС-інде болады.
Күннің екінші жартысында ҚР Премьер-Министрі Арқалық қаласындағы «Қайрат» спорт клубына, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты мен «Қазақстан аллюминийі» ААҚ Торғай боксит кен басқармасына да ат басын тіремекші.
Сапар соңында ҚР Үкімет басшысы «Арқалық-Шұбаркөл» теміржол құрылысы мәселесіне қатысты кеңес өткізбек.