ҚР Үкіметі басшысы Маңғыстау облысындағы азық-түлік тауарларының бағаларымен танысты

АҚТАУ. Шілденің 21-і. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Маңғыстау облысына екі күндік жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Олжа» әмбебап сауда кешені мен «Ақтау» сауда-сауықтыру кешенінде болып, азық-түлік пен халық тұтыну рыногындағы тауарлардың бағаларымен танысты.

Маңғыстау облысында негізгі азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне қадағалау жасап отыру және тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «Берекет» МКК сауда-сатып алу кәсіпорны жұмыс атқарады. Ол 62 сауда нүктесіне азық-түлік өнімдерін жеткізу мен өткізудің мақсатты жұмыстарын қамтамасыз етеді.

Кәсіпорын азық-түлік тауарларын алыс және жақын шетелдерден әкелудің мәселелерін де шешеді.