Бүгін биылғы жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындыларына арналған Үкімет отырысынан кейін ҚР Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев осылай мәлім етті.
«Ресей Федерациясынан импортты шектеу бойынша қаулы қабылданды. Шектеу бола ма немесе болмай ма ол нарықтағы жағдайға байланысты. Алайда қазір импортты реттеудің мүмкіндіктері бар»,-деді министр.