ҚР Үкіметі жекешелендіруге жататын нысандардың тізбесін 22 желтоқсанда бекітеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі жекешелендіру жоспары мен жекешелендірілетін нысандардың тізбесін 22 желтоқсанда бекітуге ниетті. Бұл туралы бүгін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының кеңейтілген отырысында ҚР Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мәлім етті.

«22 желтоқсанда біз Үкімет отырысында жекешендірілетін нысандардың нақты жоспары мен тізбесін қабылдаймыз және ол ресми түрде жарияланады. Қазақстанның ұлттық бизнесі жекешелендіруге белсенді түрде қатысады деп үміттенеміз. Себебі, бұл - барша қазақстандық бизнесті дамыту үшін бірігей сәт»,-деп тоұталды Үкімет басшысы.

Осы орайда К. Мәсімов осы үдерісті жүргізу үшін барша нормативтік-құқықтық құжаттар бар екенін еске салып өтті.

«Сонымен қатар заңнама қабылданып, 2016 жылдың соңына дейін мүлікті заңдастыру бойынша жұмысты ұзарту бекітілді. Жаңа Еңбек кодексі бизнесті дамыту жағында. «Банкроттық туралы» Заң қабылданып, бұл құжат та 2016 жылы бізге қандай да бір дәрежеде проблемалардан арылуға мүмкіндік беріп отыр», - деді Премьер-Министр.