ҚР ҰҚК Шекарашылар қызметінің екі әскери қызметшісі Орынборда өткен жекпе-жек сайыста Еуразия Кубогы жолындағы екі алтын медалды жеңіп алды

АСТАНА. Қарашаның 25-і. ҚазАқпарат - ҚР ҰҚК Шекарашылар қызметінің екі әскери қызметшісі Орынборда өткен жекпе-жек сайыста Еуразия Кубогы жолындағы екі алтын медалды жеңіп алды,

 деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

85 келілік салмақ дәрежесінде 2094 әскери бөлімшесінің прапорщигі Азат Тағиев, 90 келілік салмақ дәрежесінде 2027 әскери бөлімшенің келісімшарт бойынша қызмет ететін кіші сержанты Георгий Емельянов бірінші орындарды иеленіп, жеңіс тұғырларына көтерілді.