Осы шара барысында аталған жоба іске қосылатын ҰКП-ның жаңартылған сайты (palata.kz) көпшілік назарына ұсынылды.
ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаеваның сөзіне қарағанда, «Проблемалар тізілімі» елімізде кәсіпкерлер құқығын қорғау және қолдау көрсету мақсатында әзірленді. Сонымен қатар ол бизнес өкілдері кәсіпкерлік қызметі барысын туындаған қиындықтар жайында хабарламалар орната алатын онлайн платформа болмақ. «Бұл жоба кәсіпкерлердің мәселелерін жүйелі түрде шешуге жағдай жасайды. Ең бастысы «Проблемалар тізілімі» мемлекеттік органдармен тиімді өзара әрекеттемтікті орнатуға жағдай жасап, кәсіпкерлер алдындағы кедергілерді шешуге мүмкіндік береді»,-деді Г. Құрбанбаева.