ҚР Ұлттық банкі Батыс Қазақстан филиалында «Жедел желі» жұмыс жасауда

ОРАЛ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі Батыс Қазақстан филиалында «Жедел желі» іске қосылды.

Банктер мен валюта айырбастау орындарында алыпсатарлық жағдаяттар байқалса немесе екінші деңгейдегі банктер банкоматтарының жұмысында іркілістер болса, бұл жөніндегі арыз-шағымдар «Жедел желі», яғни 8 (711-2) 50-93-28 телефоны арқылы қабылданады. АҚШ долларын сатып алу бағамы сату бағамынан 2 теңгеден және еуро 3 теңгеден асып кетпеуі тиіс.

Банк филиалы валюта бөлімінің бастығы Альбина Болатқызының айтуынша, теңге бағамының өзгеруіне байланысты қазіргі кезде банктер филиалдарына, сондай-ақ таңдау бойынша валюта айырбастау орындарына жоспардан тыс тексерулер жүргізілуде.