«Елбасының ҚР Ұлттық банкіне теңгеге деген сенімін қайта орнықтыру тапсырмасына тоқталатын болсақ, біздің пікірімізше бірінші кезекте қазір мемлекеттік ақша-несиелік саясатын жүргізетін институт ретінде ҚР Ұлттық банкіне сенімді қалпына келтіруден басталуы керек. Сәйкесінше, біз бұқаралық ақпарат құралдары көмегімен біздің қоғамға, халыққа атқарып жатқан шараларды жеткізе алатындығымызға сенім артып отырмыз, сондай-ақ инфляцияны реттеу бойынша, теңге төлемпаздығын реттеу тұрғысында, айырбастау бағамы жағдайы бойынша тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізуге дайынбыз», - деді ол.
Осы орайда Д. Ақышев ҚР ҰБ басшылығы мен мамандары бұрынғыдан белсендірек түсіндіру жұмыстарына қатысатындығын айтты.
«Екіншіден, теңгеге деген сенім бұл тұрғыда Ұлттық банктің түсінікті саясаты арқылы нығаюы керек деп санаймыз. Бізге шетелде орын алып құбылыстар ықпал етеді. Сонымен қатар бізге әлемдік тауарлық нарықтардағы конъюнктура әсер етеді», - деді ол.
Сонымен қатар Д. Ақышев биылғы 20 тамыздан бері айырбас бағамына байланысты болған өзгерістер төлемпаздық балансқа оңтайлы ықпал ететінін, бұл өз кезегінде төлем балансының тұрақтылығы мен валюта нарығындағы тұрақталыққа әсер ететінін жеткізді.
Үшінші бағыт долларсыздандыруға байланысты болып отырғанына тоқталған ол: «Бұл үлкен мақсат-міндет болып табылады. Ол тұрғыдағы мәселе жылдам шешілмейтіні анық. Осы бағыттағы шаралардың тиісті жоспары бар. Долларсыздандыру шаралары халықтың есебінен жүзеге асырылмауы тиіс деп санаймыз. Бұл дегеніміз, біз долларсыздандыру мәселелерін әкімшілік тетіктерге қарағанда экономикалық әдістермен ынталандыруға даяр екенімізді білдіреді», - деді.