«Бүгін ҚР Ұлттық банкінің Қаржылық қадағалау комитеті мен Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығы қызметі жөніндегі комитеті төрағасы міндетін атқарушыларды ұжымға таныстырдым. Олар - бұған дейін ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі төрағасының орынбасары болған Қуат Қожахметов пен Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығы төрағасының орынбасары болған Дархан Нұрпейісов», - деді Григорий Марченко. Оның айтуынша, ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінң төрайымы Елена Бахмутова «Қазына-Самұрық» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-да жаңадан құрылатын Басқарушы компанияға жетекшілік жасайтын болады. Ал Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығының төрағасы Әркен Арыстанов «Қазпошта» АҚ-ға ауыспақ.
13:02, 19 Сәуір 2011
ҚР Ұлттық банкінде Қаржылық қадағалау және Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығы қызметі жөніндегі комитеттер құрылды
АЛМАТЫ. 19 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - ҚР Ұлттық банкінде жаңа тағайындаулар болды. Оо жайлы банк төрағасы Григорий Марченко бүгін Алматыда өткен баспасөз брифингінде айтты.