деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Тұжырымдама бойынша баяндама жасаған Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанованың айтуынша, Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру мен пайдалану нысандарының негізгі мақсаты - бұрынғыдай болашақ ұрпақ үшін мұнай секторынан түсетін кірістерді жинақтау арқылы қаржы ресурстарын шоғырландыру әрі республикалық бюджеттің әлемдік шикізат нарығындағы жағдайға тәуелділігін азайту. Сондай-ақ тұрақтандыру және жинақтау функциялары ұлттық қор атқаратын қызметтер болып қала береді.
«Жинақтау функциясын іске асыру үшін қор қаражатының жалпы ішкі өнімнің болжамды мәнінің кем дегенде 20 пайыз мөлшеріндегі азайтылмайтын қалдықтары айқындалды», деді министр.
Ж. Айтжанованың сөзіне қарағанда бұдан басқа тұжырымдама жобасында Ұлттық холдингтердің, Ұлттық басқарушы холдингтердің және олардың еншілес компанияларының қарыз алуы бойынша шектеулер енгізу қажеттігі ұсынылды. Тиісті көрсеткіштер мен шектеулерді тұжырымдаманы Мемлекет басшысы мақұлдағаннан кейін Үкімет басшысы қосымша айқындайтын болады. «Бюджет пен Ұлттық қордың теңестірілуі жөніндегі саясат осы онжылдықтың соңына қарай ІЖӨ-нің 3 пайызынан аспауын құрайтын мұнайлық емес тапшылықты қысқартуға, сондай-ақ кейіннен даму бюджетін ғана қаржыландыруға ауыса отырып, ағымдағы шығыстарға арналған Ұлттық қор қаражатын жұмсауды қысқартуға бағытталатын болады», деді министр.
Оның сөзіне қарағанда ұсынылып отырған кесте іске асырылған кезде болжамды деректер бойынша қордың активтері 2020 жылға қарай 90 млрд. АҚШ долларына дейін немесе ІЖӨ-нің шамамен 30 пайызына дейін өседі.