АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау қаласында ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдер оркестрлері арасында «Әскери кернеу» байқауы мәреге жетті.
Қолбасшылықтың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Орал, Ақтау, Ақтөбе, Атырау қалаларының әскери оркестрлері бірнеше күн бойы барынша күрделі шығармалардан тұратын концерттік бағдарламаларын ұсынды. Халықтық туындылар және патриоттық әндер орындау, сапта жүріп өнер көрсету, плац-концерт, дефиле оңайға түскен жоқ.
Сайыс қорытындысында Орал мен Ақтөбеден келген оркестрлер жеңімпаз атанды.
«Батыс» өңірлік қолбасшылығы жауынгерлік дайындық басқармасының бастығы Тұрсынғали Дүйсемәлиевтің айтуынша, енді аталмыш оркестрлер маусым айының соңында Астана қаласында өтетін байқаудың қорытынды кезеңіне қатысады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).