19:22, 02 Сәуір 2009
ҚР вице-премьері Қостанай облысында болады
ҚОСТАНАЙ. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Ертең ҚР Премьер-министрінің орынбасары Серік Ахметов жұмыс сапарымен Қостанай облысына келеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. С.Ахметов сапар барысында бірқатар өнеркәсіп нысандарында болады және кеңес өткізеді.Вице-премьер болуы күтіліп отырған кәсіпорындардың арасында «Қостанай жіп иіру-мата фабрикасы» және «Агротехмаш» ЖШС, «Большевичка» өндірістік кооперативі мен жылу-энергия компаниясы бар. Сапар қорытындысы бойынша вице-премьер өткізетін аймақтық кеңесте ұлттық компаниялар мен холдингілердің Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы кәсіпорындардан қазақстандық мазмұндағы тауарлар мен қызметтерді сатып алу мәселелері талқыланбақ.