Ол 50 орынға есептелген, заманауи аппаратурамен жабдықталды. Мұнда аймақта алғаш рет жүрек ауруларына шалдыққан балаларға ота жасалады. Медициналық мекеме Шығыс Қазақстан облысынан да науқастарды қабылдайтын болады.
Премьер-министрлің орынбасары химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің құрылысында болды. Мұнда іріктеу кезеңінен өткен 700-ге жуық бала білім алады.
Қ.Көшербаев құрылысы «Алюминстрой» шағынауданындағы екі қабатты ескі үйлердің орнында жоспарланып отырған «Сарыарқа» шағынауданының тұсаукесерінде болған кезінде Павлодар әкімі Оразгелді Қайыргелдинов «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын іске асыру барысы туралы баяндады. Биыл 127 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Қ.Көшербаев Павлодар мұнай-химия зауытының өз жұмыскерлері үшін салып жатқан тұрғын үйді де аралады.
«ҚазТрастКем» ЖШС-нің зауытында қонақтарға агрохимиялық өнімнің өндірісін көрсетті. Мұнда баянауылдық «Алтайхимпромның» лицензиясы бойынша тәулігіне 40 тоннаға дейін гербицидтер мен пестицидтердің өндірілуі ретке келтірілді.
Вице-премьер тұтынушылардың ғаламтор ресурстарына тәулік бойы қолжетімділігін ұсынатын «Қазақтелеком» АҚ-ның мәліметтерді өңдеу павлодарлық орталығына барды. Оны Қазақстан мен Ресейдің жақын аймақтарының тұрғындары қолдана алады.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР вице-премьері Қырымбек Көшербаев Павлодар облысында жұмыс сапарында жүр.