ҚР ИЖТМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, сапар барысында ол орта мектепте, балалар бақшасында, сонымен қатар бірқатар тұрғын үйлер мен қазандықта болады.
Жұмыс сапары барысында Ә.Исекешов аймақтағы ахуалмен жеке танысады. Оның нәтижелері бойынша кеңес өткізіледі.