ҚР Жоғарғы Сотының Қадағалау алқасы бірқатар істер бойынша сот отырыстарын өткізді

АСТАНА. Шілденің 29-ы. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін, сәрсенбіде ҚР Жоғарғы Сотының Қадағалау алқасы бірқатар істер бойынша сот отырыстарын өткізді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Сотта қаралған істер негізінен жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы еңбек қатынастарына арналды.

 Қадағалау алқасы өндірісіндегі қаралған алғашқы ісі А.Тимофеевтің «Қарағанды жылу» ЖШС-не жасаған шағымы болды. Шағымданушы А.Тимофеев сот арқылы «Қарағанды жылу» ЖШС-нен өндірістегі қайғылы оқиғаның орын алғандығын мойындауын, Н-1 формасындағы акт беруін және моральдық шығынды өтеуді талап еткен болатын.

 2009 жылы қаңтардың 20-сында Қарағанды қаласының Октябрь аудандық №3 соты аталмыш қайғылы оқиға өндіріске байланысты деп танып, талапкер пайдасына 400 мың теңге өндіру жөнінде сот шешімін шығарған болатын. Алайда 2009 жылы наурыздың 18-і күні Қарағанды облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі бұзылып, талапкер шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды.

   Бүгін Жоғары Сот судьясы Анатолий Смолин бастаған Қадағалау алқасы талапкер А.Тимофеевтің талабын қанағаттандырды.