Кристина Шумекова әлем кубогі кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алды

Фото: Olympic.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық конькимен жүгіруші Кристина Шумекова Милан (Италия) қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем кубогі кезеңінде екі мәрте топ жарды.

ҚР ҰОК мәліметінше, спортшы 1000 және 3000 метр қашықтықта алтын медаль жеңіп алды.

1000 метр

1. Кристина Шумекова

2. Аяно Секигучи (Жапония)

3. Ханна Мазур (Польша)

3000 метр

1. Кристина Шумекова

2. Лике Хейзинк (Нидерланд)

3. Цзяминь Цзян (Қытай)

Айта кетейік, нео-сеньорлар арасында өткен 1000 метрлік қашықтықтағы жарыста Дарья Важенина қола медаль иеленді.

Еске салсақ, Денис Евсеев жұптық сында Пәкістандағы жарыстың жеңімпазы атанды.