АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстан теміржолында жолаушылар айналымы 2009 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 22 пайызға өсіп, 13 млрд. жолаушы-шақырымды құрады. Бұл туралы бүгін алқа мәжілісінде Асқар Мамин мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстан теміржолы компаниясында жүргізілген дағдарысты еңсеру бағдарламасына орай әкімшілік және басқа да шығындарды ықшамдау есебінен 28 млрд. теңге үнемділігіне қол жеткізілді», деді А. Мамин.
Ұлттық компанияда поезд қозғалысының қауіпсіздігі ерекше назарда екеніне тоқталған ол, есепті мерзімде теміржол саласындағы ақаулықтардың жалпы көлемі 41 пайызға төмендегенін жеткізді.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.