«Биыл біз 92 жаңа локомотив пен 13 электровозды шығармақпыз. Атап айтқанда, бүгінде электровоздарды сыртқы нарыққа жөнелту бағытында Әзербайжанда тендерлерге қатысудамыз», - деді ол.
А. Маминның айтуынша, ҚТЖ ТМД нарықтарына тепловоздарды жеткізу бойынша 150-ден астам меморандумды бекіткен көрінеді. «Қазіргі кезде сертификаттау мәселелері аяқталуда. Менің ойымша, бірінші жартыжылдық барысында осы мәселені шешеміз. Сонымен қатар бізде ресейлік және Балтық компаниялары, Орталық Азия елдері тарапынан тапсырыстардың елеулі портфелі бар. Яғни, біз Қазақстанда аталған өндірісті дамыту тұрғысында болашағы бар жоспарды көріп тұрмыз», - деді ол.