Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады. Поезд аптасына үш рет қатынайды және бес купе вагон мен бір СВ вагоннан тұрады.
Бұдан бөлек, 2015 жылдың 2 маусымынан бастап № 483/484 «Астана-Адлер» жолаушылар пойызы қатынайтын болды. Аталған пойыздың құрамында «Павлодар-Адлер», «Қарағанды-Адлер» және «Қостанай-Адлер» бағыттары бойынша жүретін вагондарды тіркеу көзделген.