Жерасты дүмпулерінің кіндігі американдық әскери база орналасқан Гуантанамо қаласынан 95 шақырымдай қашықтықта тіркелді, деп хабарлайды АҚШ-тың Геологиялық қызметі. Құрбан болғандар мен қираулар туралы әзірге мәлімет түскен жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, ақпанның 12-сінде өңірде қуатты зілзала болып, оның кіндігі Гаитидің елордасы - Порт-о-Пренс қаласынан 260 шақырымдай жерге тіркелген еді. Сол зілзаланың салдарынан 200 мыңнан астам адам қаза тапты.