21:02, 09 Сәуір 2009
Күдікті полиция қызметкерін өлтірді деген айыппен ұсталды
АҚТӨБЕ. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Екі кісіні, соның ішінде «Күзет» арнайы қызметі басқармасының қызметкерін өлтірді деген дерек бойынша, полиция қызметкерлері 31 жасар ақтөбелік азаматты ұстады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, жедел топ қызметкерлері күдіктінің ізіне сәуірдің 2-сі күні орын алған екінші рет кісі өлтіруден кейін ғана түсе алған. Орман алқабында ішкілік ішіп отырған адамдарды байқаған қос ағайынды, өздері де соларға барып қосылған. Ішкіліктің соңы кісі өлімімен аяқталады.Ұсталған азамат (ағайындының үлкені) қылмысын мойындай отырып, бұдан бұрынғы 24 жастағы полиция қызметкерінің өліміне де қатысы барын айтады.Бүгінгі күні екі кісінің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Кісі қанын мойнына жүктеген ағайындылардың үлкені қазір тергеу қапасында отыр.