«Құқықтық тәртіп» операциясы барысында атыраулық полицейлер барлық қылмыстарды бір тәулік ішінде ашты

АТЫРАУ. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысы полицейлерінің жүргізген «Құқықтық тәртіп» шұғыл алдын алу операциясы барысында бір апта ішінде 52 қылмыс тіркелді.


Олардың барлығы да құқық бұзушылықтан кейін бір тәулік ішінде ашылды.

Атырау облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарованың хабарлауынша, «Құқықтық тәртіп» шұғыл алдын алу операциясы барысында сонымен қатар, бұған дейін жасалған 28 қылмыс ашылды, 6 қылмыскер ұсталды, іздеуде жүрген екі адамның тағдыры анықталды.