деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Үгіт-насихат бригадасының құрамына заңгерлік тақырыптарға әңгімелер мен театрландырылған қойылымдар дайындаған жасөспірімдер кіріп отыр. Әрбір бала республика заңнамасы, оны қамтамасыз етіп отырған құқықтар туралы білуі керек, дейді балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бөлім басшысы Наталья Нефедова.
Жас консультанттар оқушыларға ұғынықты тілде бала құқығын қорғайтын заңдармен таныстырады, «сенім телефондары», көмек сұрауға болатын қызметтер мен адамдар туралы әңгімелеп береді. Құқықтанушы-жасөспірімдер балалармен болатын кездесулерде Қазақстанның жас азаматтарының міндеттері туралы әңгімелейді.