Құлағы ауыр еститін балаларға арналған алғашқы мультфильм түсірілді

АСТАНА.  Желтоқсанның 15-і. ҚазАқпарат - Бүгін Мәскеуде кейіпкерлері  ыммен   сөйлейтін    әлемдегі тұңғыш   мультфильмнің  көрсетілімі   болады.

 «Дос болайық»  деп  аталатын   туындыны  қазандық  аниматорлар түсіріп  отыр,  деп    хабарлайды   РСН агенттігі.

 Көрсетілімге   Мәскеудегі арнайы мектептерден    нашар  еститін   және  саңырау  балалар      шақырылып  отыр. «Бұл төменгі   жағында титрлар берілген жай  мультфильм емес,   ол туындының  бірегейлігі  сол,   оның  кейіпкерлері ыммен  сөйлейді», -    дейді  жобаның бастамашысы  Татьяна Мерзлякова.

 Мультфильм үш  айда түсірілген.   Әзірге  үш  серияның  алғашқысы ғана түсіріліп  бітті,      оларды  жеке-жеке   де,  бірге де көруге  болады.  Мерзлякова   ханымның айтуынша,   мұндай мультфильм  Ресейде ғана емес,   әлем бойынша алғаш рет түсіріліп  отыр.