Атырау облысы, Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, 2016 жылдың маусым айында азаматша А.К. аяғы ауыр бола тұра, «Киа Рио» маркалы автокөлігін жүргізген. Оны Құлсары қаласындағы «Қуаныш» дүкенінің маңында полиция қызметкерлері тоқтатқан.
Әкімшілік материалдарды қарау барысында әйелдің жүкті бола тұра, алкогольді ішімдікке мас болғаны анықталды.
Сот қаулысымен А.К. ҚР ӘК 608 бабы, 8 бөлімінде қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықта айыпты деп танылып, оған 424 200 теңге көлемінде айыппұл салынды.