«Ағымдағы жылы біз тәуекелдерді басқару жүйесін белсенді түрде дамытуды жалғастыратын боламыз, тәуекелдерді қамту аумағы кеңейеді, оған қатысты салық төлеушілер санаты да түрленеді. Бұдан бөлек, қазіргі таңда тәуекелдерді басқару жүйесінің аналитикалық-талдау бағытын дамыту бойынша жұмыстар атқарылуда. Мұндай сараптамалық тәсілді енгізудегі мақсат - күрделі математикалық және логикалық аппаратты, алгоритмдерді пайдалана отырып, салық төлеушілердің заңдылықты жасыруын, күмәнді әрекеттері мен әлеуметтік байланыстарын айқындау болып табылады», - дейді Э.Мамлин.
Оның айтуынша, жаңа тәсіл аясында кеден және салық органдарында жиналатын мәліметтер статистикалық зерттеулерді кеңірек қамтитын арнайы бағдарламалар арқылы сараптамадан өтеді. Сол бойынша күмәнді салық төлеушілер айқындалатын болады.