Бұл туралы жұма күні британдық "Скай ньюс" телеарнасы хабарлады.
Supreme Rose деп аталатын теледидар 28 келі алтыннан және әрқайсысының көлемі 1 каратты шамалайтын 72 гауһартастан тұрады. Гауһар тастар аппараттың алдыңғы панеліне орнатылған. Теледидар сондай-ақ аметистермен де әшекейлендірілген.
Экраны диагоналы бойынша 140 см болатын теледидарды бағалы металдар мен асыл тастардан заманауи тұрмыстық техникалар жасаумен айналысатын "Стюарт Хьюз" компаниясы шығарып отыр.