Құрамынан өсімдік майы табылған сүт өнімдері сауда айналымынан алынып тасталды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің өкілдері 106 сүт өнімінің құрамында өсімдік майы бар екенін анықтаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сүт өнімдерінтексеру жұмысы ұдайы жүргізіледі. Бұл ретте ел аумағында тексерілген 106 сүтөнімінің құрамынан көрсетілмеген өсімдік майы табылды. Бұл өнімдер жалғанөнімдер қатарына жатқызылды. Себебі, Кеден одағының техникалық регламентінесәйкес, сүт өнімдерінің құрамында бөгде қоспалар болмауы керек. Егер өндірушісүт өнімдерінің орнына алмастырғыш өсімдік майларын қосса, ол өнімдер – сүттәрізді өнімдер деп аталуы тиіс», - деді комитет өкілі Дана Қасқатаева ОКҚ-даөткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, сүтжәне сүт өнімдерінің қауіпсіздігі техникалық регламенттерінің талаптарына ЕАЭОкомиссия кеңесінің шешімімен өткен жылы қатаң өзгертулер енгізілген. Бұлөзгерістерді ескере отырып, өндірушілер өсімдік майы бар деген таңбаны өнімніңбеткі жағында, үлкен шрифтпен орналастыруы керек.

«Жалған өнімдердің– шетелден келгені анықталды. Техрегламентке сай келмейтін және қауіпті өнімдерайналымнан алынып тасталды. Өкінішке қарай, жалған сүт өнімдерінің табылуыжылдан жылға жалғасып келеді. Ішкі нарықта жалған өнімдерге жол бермеу үшінкүшейтілген зертханалық жұмыстар жүргізілуде», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар